«КОМУНИТИПЛЮС» қоғамдық қоры Қазақстанда 10 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Негізгі бағыт - білім беру, мәдениет және қауымдастықтарды дамыту.
Осы уақыт ішінде ұйым жергілікті бастамалармен жүйелі жұмыс жүргізіп, оқу мәдениетін дамытуды көздейтін жобаларды іске асырды. Соның бірі – «Ауылға кітап». Бастама аясында жеті өңірдегі ауыл мектептерінің кітапханаларына 17 мыңнан астам кітап жеткізілді. Сонымен қатар қор өкілдері кітап фестивальдерін ұйымдастырып, кітап алмасу бағдарламаларын жүргізеді. Одан бөлек soft-дағдыларды дамыту курстары, жазушылық шеберханалар, білім беру мен әлеуметтік өзгерістер саласындағы кейіпкерлер туралы деректі және медиа жобалар да жүзеге асырылып келеді.
Меморандум бірлескен жобаларды қала деңгейінде іске асыруға жол ашады. Әңгіме қауымдастықтармен жұмыс істеу, білім беру форматтарын дамыту және төменнен басталатын бастамаларды қолдау туралы болып отыр.
Бұл бағыттағы жұмысты қала тарапынан Алматы қаласын дамыту орталығы сүйемелдейді. Орталық жобаларды қалалық күн тәртібіне енгізіп, деректерге, талдауға және тұрғындардың нақты сұраныстарына сүйене отырып іске асыруға қатысады. Сондай-ақ қала жағдайында сынақтан өткізуге болатын және кейін кеңінен қолдануға келетін шешімдер әзірлеуге басымдық беріледі.
Әріптестік Алматы тұрғындары үшін білім беру және мәдени бастамаларға қолжетімділікті арттыру және қала өміріне белсенді қатысатын азаматтар үлесін көбейтеді деп күтілуде.
