Алматы қаласын дамыту орталығы мен TSIH ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Алматы қаласын дамыту орталығында бесінші Impact Roundtable өтті. Басқосуда энергетика саласына қажет мамандарды даярлау және жаңа жобаларға қаржы тарту жолдары талқыланды.
Іс-шараны Алматы қаласын дамыту орталығының қолдауымен TSIH New Energy Corporation Ltd. ұйымдастырды. Негізгі әңгіме жаңартылатын энергетика саласына қажетті кадр мәселесі мен жобаларды қаржыландырудың жаңа тәсілдері төңірегінде өрбіді. Қатысушылар Sustainability-Linked Finance, Impact-Linked Finance және Debt-for-Equity Swaps секілді қаржы тетіктерін қарастырды.
TSIH төрағасы Тимо Бэй мен ECO Network негізін қалаушы, экоактивист Евгений Мухамеджанов өз тәжірибесімен бөлісіп, энергетикалық жобаларды іске асыруда осы тетіктерді қолдану мүмкіндіктеріне тоқталды.
Жиын соңында TSIH New Energy Corporation Ltd. пен Алматы қаласын дамыту орталығы серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар тұрақты энергетика бағытындағы бастамаларды бірлесіп дамытуға уағдаласты.11:10

