
Басқарма төрағасының орынбасары
Акчурин Ильзат Шухретович
Алматы қазақ-түрік гуманитарлық колледжі мен Шет тілдері және іскерлік карьера университетін тәмамдаған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
Медиа және коммуникация саласында көпжылдық тәжірибесі бар. «Тан», «Алматы», «Интерньюс» және «СТВ» телеарналарында журналист болып қызмет атқарған. 2018 жылдан бастап «Алматы» телекомпаниясында басшылық қызметтер атқарып, телеарнаның бас директордың орынбасары лауазымында жұмыс істеген.
2025 жылғы 2 шілдедегі Директорлар кеңесінің шешімімен «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
