Image
Директорлар Кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

Жүнісова Әсел Аблайқызы

Директорлар Кеңесінің мүшесі (2025 жылғы 04 желтоқсанда сайланған)

 

1977 жылғы 07 желтоқсанда туылған

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1998). Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің магистратурасы (2001). Мемлекеттік басқару жоғары мектебі (Жапония, Токио) (2002)

Жұмыс тәжірибесі:

2019 ж. мамырдан бастап – Алматы қаласы әкімінің Кеңесшісі

2015 ж. қазан – 2019 ж. мамыр аралығы – Алматы қаласы әкімінің экономика, бюджеттік жоспарлау және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары

2014 ж. ақпан – 2015 ж. аралығы – «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының басшысы

2013 – 2014 жж. – «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары

2010 – 2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары

2008 – 2010 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сектор меңгерушісі

2003 – 2006 жж. – «ҚазТрансГаз» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Самғау» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ

2002 – 2003 жж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік қарыз алуды және кредиттеуді жоспарлау департаментінің Мемлекеттік қарызды талдау бөлімінің бастығы

2001 – 2002 жж. – ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және бақылау департаментінің жетекші маманы