
Берденов Руслан Арысбекұлы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Қаржылық менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейінірек КИМЭП университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежесін алған.
Жеке және мемлекеттік секторларда 20 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар. Procter & Gamble, EASTCOMTRANS LLP компанияларында жұмыс істеген, сондай-ақ «Ақ Ниет» ЖШС және «Aq Niet Group» компанияларында басшылық қызметтер атқарған. Стратегиялық басқару, корпоративтік қаржы және инфрақұрылымдық жобаларды дамыту салаларында кең ауқымды тәжірибеге ие.
2023 жылғы наурыздан 2025 жылғы ақпанға дейін «Respublica» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.
2025 жылғы ақпаннан тамыз айына дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы (МCҚБ), жер қатынастары, қала құрылысы және сәулет салаларына жетекшілік етті.
2025 жылғы 1 қазандағы Директорлар кеңесінің шешімімен «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
